Білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіліенген басымдықтар, Мемлекет басшысының тапсырмалары қамтылған. Түрлі халықаралық зерттеулердің, талдаулардың нәтижелерін ескеріп, эксперттер мен педагогикалық қауымдастық арасында талқылап, тиісті ұсыныстарын да қамтылды. Құзыреттілік бойынша 6 бағыт, 17 индикатор және 109 іс-шара көзделген.
Негізгі бағыттарға тоқталсам. Бірінші – балаларды ерте дамыту бойынша. Білім саласының ең маңызды деңгейі – балабақша. Зерттеулерге сәйкес, баланың интеллектуалды, әлеуметтік, эмоциялық, физиологиялық дамуына балабақшалардың әсері орасан зор. Сол себепті балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізілуде. Бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгеруде. Бұл тәуелсіздік жылдарынан бастағанда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі ең үлкен өзгерістің бірі екенін айтқым келеді,- деді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бұның алдындағы бағдарлама тым академиялық болып, 3-4 жасар балаларды отырғызып қойып 20 минуттан сабақ оқытылса, енді халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшедіктеріне сәйкес, ойын арқылы жүргізіледі. Ойын – баланың жаны мен тәніне сай келетін табиғи әрекет. Бала сол арқылы қоршаған әлемді зерттеп, оны тани отырып, қажетті дағдыларын дамытады.
Яғни баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдайлар қарастырылады. Балалар коммуникативті, өзіне сенімді, қиындықтарға төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп балабақшадан тәрбиеленіп шығатын болады, – деді Асхат Қанатұлы.