СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан тіркелмеген үш қаруды тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан тіркелмеген үш қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданында учаскелік полиция инспекторы “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде үй-үйді аралау кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісін анықтады.

Аудандағы ауылдардың бірінде тұратын 56 жастағы ер адамның қорасынан полицей шағын аңшы арсеналын – 12 калибрлі тегіс ұңғылы ИЖ-18 мылтықтары және 16 калибрлі екі ТОЗ-63 мылтығы мен олардың оқ-дәрілерін анықтаған. Қару жиналған күйінде, қолжетімді жерде сақтаулы тұрған. Ауыл тұрғынының сөзіне қарағанда, қауіпті заттар оған туысынан мұра болып қалған. Олар тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін ер адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

– Қару иесі қайтыс болған жағдайда, оның жақын туыстары қаруды сақтау үшін бірден ішкі істер органдарына тапсыруы қажет екенін еске саламыз. Бір айдың ішінде олар қаруды комиссиялық сатуға қою немесе өз атына ресімдеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұндай шаралар қаруды тұрақты бақылауды, оның қылмыста пайдаланылмауын қамтамасыз етеді. Қаруды өз еркімен полицияға тапсыру – қылмыстық немесе әкімшілікке тартылмаудың бірден-бір жолы, – дейді СҚО Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері облыс тұрғындарынан тіркелмеген қарудың 99 бірлігін тәркіледі.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz