Қазақстанның 13 облысында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.
3 қараша түнінде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.