Өзбекстандықтар СҚО-дағы егін орағында заңсыз жұмыс істеп келген

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан шетелдіктерді қабылдауға қатысты көші-қон заңнамасын бұзудың 750-ге жуық дерегі тіркелді. Соның ішінде 46 адам шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мамлют ауданындағы алқаптардың бірінде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 18 азаматы анықталды. Олардың шаруашылықта жұмыс істеуіне тиісті рұқсат құжаттар болмаған. Шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елдеріне жіберілді.

Қайта тексеру барысында олардың екеуінің қайта оралып, еңбек етуге рұқсат рәсімдемей, басқа кәсіпорынға жұмысқа тұрғаны анықталды. Оларды елден шығаруға қатысты материал әкімшілік сотқа жолданды. Жұмыс беруші де Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша жауапкершілікке тартылды.

– Облыста жыл басынан шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 46 фактісі анықталды. Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдайтын облыс тұрғындары тарапынан көші-қон заңнамасы талаптарын бұзудың 745 дерегі тіркелді. Естеріңізге саламыз: шетелдіктерді қабылдайтын тарап 3 жұмыс күні ішінде келген шетел азаматы туралы ішкі істер органдарын хабардар етуі тиіс. 1118 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған, оның 65-і елден шығарылды, — деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz