СҚО-да кірісі жоқ, бірақ мемлекетке қарызы бар 78 адам жұмысқа орналастырылды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қанат Мусин келіп, халықпен кездесті. Саладағы реформалармен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қанат Мусиннің айтуынша, қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Конституцияға сәйкес келтіру мақсатында министрлік 5 заң жобасын әзірледі. Сенат депутаттары аталған жаңалықтарды 3-қарашада қабылдады. Әділет министрі нотариустардың, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметіне қатысты өтініштер жиі келіп түсетінін айтты.

– Қазіргі уақытта «Нотариат туралы» Заңға түзетулер енгізілді, енді мәмілені жылжымайтын мүлік орналасқан жерге барып ресімдеу міндетті емес, республика бойынша кез келген нотариуста жасауға болады. Сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге тегін құқықтық кеңес алуға заңды түрде кепілдік берілді. Биылғы 9 айда СҚО-да 7 мың азаматқа тегін заңдық көмек көрсетілді, — деді Қанат Мусин.

Сонымен қатар, Әділет министрі некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылғанын атап өтті.

– Электрондық үкімет» және «eGovmobile» порталы арқылы туу, неке және қайтыс болу туралы куәлікті электронды түрде алуға болады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлікті екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk Банктің) мобильді қосымшалары арқылы алуға болады, — деді өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Әділет министрі.

Қанат Мусиннің айтуынша, биылғы 9 айда СҚО тұрғындары мен кәсіпорындары берген өтінімдер бойынша 3 авторлық құқық объектісі ресми тіркелді, тауар белгілеріне 11 куәлік, 3 өнертабысқа, 2 пайдалы модельге, селекциялық жетістікке 1 куәлік берілді.

– Сот актілерін орындау әділет органдары қызметінің маңызды салаларының бірі болып қала береді. СҚО-да 175 мың атқарушылық іс жүргізіліп, оның 78 мыңы өндіріліп алынды. Оның басым бөлігі — алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар, СҚО бойынша бұл шамамен 8 мың іс. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, биылғы 9 айда СҚО бойынша осындай 78 борышкер жұмысқа орналастырылды, — деді Қанат Мусин.

Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Сондай-ақ ведомствоның сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда құқықтық түсіндірме ақпарат орналастырылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz