СҚО-да тұмау өршіп тұр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы үш аптада 100-ге жуық адам тұмау жұқтырды, ауырғандардың шамамен әр үшіншісі – 14 жасқа дейінгі бала, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде жедел респираторлық вирусты инфекция мен тұмаудың алдын алу, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифинг өтті. Облысты0 санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, өңірде ЖРВИ-мен сырқаттанудан маусымдық өсу бар.

– Биылғы эпидемиологиялық маусымнан бастап СҚО-да жедел респираторлық вирусты инфекцияны жұқтырудың 6280 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың 70 % — 14 жасқа дейінгі балалар. 14 қазаннан бастап облыста тұмаумен ауырғандар анықтала бастады. Облыста В типті тұмаудың зертханалық расталған 82 жағдайы тіркелді. Науқастардың ішінде 3 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 30 бала бар. Яғни ауырғандардың 37% — бала, оның ішінде 3-уі балабақша тәрбиеленушісі, 17 оқушы және 10-ы үйде отырған бала, — дейді Арман Күшбасов.

Тұмаумен ауырғандар санынан Петропавлдың үлесі жоғары, 41 жағдай тіркелген.

– Тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі — вакцинация. Тұмауға қарсы екпе аурудың асқынған ағымынан, ауруханаға жатқызудан және өлімнен қорғайды. Облыста қазан айының басынан вакцинация жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 55,5 мың адам немесе халықтың 10,1 % егілді, олардың 8 мыңнан астамы медицина қызметкері, 4 мың оқушы, 500-ге жуық жүкті әйел. Вакцинацияға ресейлік үш валентті «Гриппол плюс» препараты қолданылып жатыр, — дейді Арман Күшбасов.

Маманның айтуынша, жалпы 75 мың адамды немесе облыс халқының 13,7 % вакцинациялау жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz