Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 5-7 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8 қарашада республиканың оңтүстік облыстарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік жартысында бұрқасын болады