Петропавлда құбыр желісінде апат болып, тұрғындар сусыз қалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда су құбыры зақымданып, қаланы желіден ажыратуға тура келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Интернационал көшесін әп-сәтте су басты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан судың қатты ағысын көруге болады. Тұрғындар қаланың әр ауданында судың тоқтатылғанын айтып жатыр.

«Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмабаев-Абай көшелері қиылысындағы учаскеде диаметрі 800 мм су құбыры зақымданған. Қазіргі уақытта осы апат болған учаскеде суды тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Қалаға баратын судың қысымын уақытша төмендетуге тура келді. Бір сағаттан кейін ол қалпына келтіріледі. Бірақ, су құбыры зақымданған учаскедегі 10 көп қабатты үйге су тек бір тәуліктен кейін ғана, апаттың салдары жойылғаннан соң берілмек, — деді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Индира Қалиева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz