Мұхит Тұрсынов «Дала Қыраны» атанды

Авторы: Qyzyljar News

Астана қаласындағы қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 килограмм салмақта белдесті. Жыл бойы өткен 5 рейтингтік турнирде төгілген тер ақталып, кешегі Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Қажымұқан, Жақсылық бабаларымыздың жалғасы, қазақ күресінің мықтылары, 8 салмақтың «Бас балуандары» анықталды. Бәсі биік додада 100 килограм салмақ дәрежесінде белдескен «Qyzyljar arlandary» клубының белді мүшесі, солтүстікқазақстандық Мұхит Тұрсынов жеңіске жетті.

Алапат қара күшін дәлелдеген батыр «Дала қыраны» титулына ие болып, өз салмағының «Бас балуаны» атанды. Сондай-ақ оған жеңімпаз белдігі мен 10 мың доллардың сертификаты табысталды. Жерлесіміз бұл жеңістен кейін желтоқсан айында елордада қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Одан бөлек өз салмақ дәрежелері бойынша жеңіске жеткен тағы 8 отандасымыз бәсі биік додада ел намысын қорғайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz