Жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын жеңді

Авторы: Qyzyljar News

Футболдан ел біріншігінің соңғы 26-шы туры аясында жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын қабылдады. Тартысқа толы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қарасай стадионында өткен матча жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңді. Бұл матчта грузиялық легионер Эльгуджа Лобжанидзе жасындай жарқылдады.  «Qyzyljar» командасының шабуылшысы 18, 42 және 67-ші минуттарда үш гол соқты. 79-шы минутта жартылай қорғаушы Рафаил Оспанов есепті еселеген.  Қарсылас команданың ойыншысы Максим Ваганов 89-шы минутта жалғыз доппен жауап қатты. Бұл жеңістен  кейін жерлестеріміз турнирлік кестеде 10-шы сатыға көтеріліп, келесі жылы да үздіктер қатарында доп тебу мүмкіндігін сақтап қалды.

Осылайша футболдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биыл елордалық ұжым чемпион атанды. Соңғы турда «Астана» Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені «Ақтөбе» қанжығасына байласа, үшінші орынға былтырғы чемпион «Тобыл» тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz