Петропавлда еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл республикалық турнир еліміздің түкпір-түкпірінен келген 120 спортшының басын біріктірді. Балуандар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынастырды. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек сөз сөйлеп, жиналғандарды өңір жетекшісінің атынан турнирдің ашылуымен құттықтады.
– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жыттықтырушысы, жерлесіміз Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнирге қош келдіңіздер. Жаңаберген Сүлейменұлы мектеп оқушысы кезінен бастап спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізді,- деді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте қостанайлықтар жеңімпаз атанды. Солтүстікқазақстандық палуандар да үздіктер қатарынан көрінді. Жерлестеріміз 13 жүлдені қоржынға салды.