СҚО-да трансұлттық автомафияның атышулы ісі бойынша үкім шықты

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында трансұлттық автомафия туралы іс қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелерін» атышулы ұстау 2021 жылдың ақпан айында өткізілген болатын. Төрт солтүстікқазақстандық трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында көлік құралдарының экономикалық контрабандасы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікті жария еткені үшін айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша қылмыстық топтың мүшесі Иванов Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Жапониядан автокөліктерді контрабандалық тасымалдауға мамандандырылған осы топтың ұйымдастырушысы және жетекшісі болған.

Болжам бойынша, ол және оның серіктестері Ресей азаматтарымен бірлесіп, 24 ресейлік фирмалар арқылы жұмыс істей отырып, Қазақстанға жалпы құны 259 млн 169 мың 615 теңгені құрайтын 254 автокөліктің қосалқы бөлшектерін заңсыз әкелген. Содан кейін олар жалған құжаттарды пайдаланып, қылмыстық жолмен алынған ақшаға мүлік сатып алды.

Прокурор сотталушыларға мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ерлан Нұршарыпов 121 томнан тұратын қылмыстық істі қарап, сотталушылардың көлік құралдарының контрабандасына қатысы бар екендігі туралы дәлелдердің жоқтығы туралы қорытындыға келіп, сотталушылар кінәсіз деп таныды. Сотталушылардың бірі оқ – дәрілерді заңсыз сақтаса, екіншісі – жалған құжаттарды сатумен айналысқан. Үшіншісі — жалған құжаттарды пайдаланды деп айыпталды.

Бірақ олардың жасаған қылмыстарының орташа ауырлығы, бұрын соңды сотталмағандығы мен жас балаларының болуын ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады. Ал Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның ережелері негізінде сотталушылар тағайындалған жазадан мүлдем босатылды.

Келесі күні іс Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралды. Прокурор айыптауды талап етіп, сотталушыларды сотқа берілген қылмыстар үшін кінәлі деп тануға және мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға өтініш білдірді. Бірақ алқа сотталушыларды кінәсіз деп тану туралы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz