Петропавлда имамнан сұхбат алған журналист айыппұл төлейді

Авторы: Qyzyljar News

Діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін полиция әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғап, кейін материалды сотқа жолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты журналист және қалалық мәслихат депутаты Руфия Мұстафинаға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша 153 150 теңге (50 АЕК) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

– Маған діни материал таратқаным үшін айыппұл салынды. Өз басылымымның сайтында және әлеуметтік желілерінде жариялаған бас имаммен сұхбатты сот діни материал деп таныды. Сұхбатта бас имам Құрбан Айт мейрамы туралы, осы мерекенің дәстүрлері туралы айтады. Сондай-ақ менің қолымда екі сараптама бар, құжат қорытындысында сұхбатты таратуға кедергі келтіретін мазмұн жоқ екені жазылған, -деді Руфия Мұстафина.

Сонымен қатар ол екінші сот отырысына дін істері басқармасының маманы шақырылғанын, ол имамнан рұқсаты болса, мұндай материалды таратуға болатынын сотқа түсіндірді.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Руслан Жарасбаев қазан айының соңында облыста жыл басынан бері діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратудың 22 фактісі анықталғанын хабарлады.

– Діни материалдарды тек ғибадат орындарында, рухани (діни) білім беру ұйымдарында таратуға болады. Кәсіпкерлер бұл материалдарды тарату үшін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуы керек. Сондай-ақ дін мәселесінде тек ресми ақпарат көзіне сүйенуге, заңды біліп, сақтауға шақырамыз, — деді Руслан Жарасбаев.

Осы сот қарауындағы істен кейін көп журналист діни мерекелер туралы материалдар және дінге қатысты басқа да ақпараттар дайындауға алаңдайтыны анық.

– Депутат ретінде мен бұл мәселені анықтауға міндеттімін. Белгілі болғандай, дәл осы бап бойынша тағы 22 адамға айыппұл салынды. Менің ойымша, бұл ақылға қонымсыз. Мен қазақстандықтар мұндай қиындыққа тап болмас үшін және олардың құқығын қорғау үшін осы істі бұқараға жария еткім келеді. Өйткені, біз заңсыз ештеңені насихаттап отырған жоқпыз, — деп түйіндеді сөзін Руфия Мұстафина.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz