Петропавлда 4 жасөспірім арнайы оқу орындарына жіберілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері 4 жасөспірімді арнайы оқу орындарына жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда жыл басынан төрт жасөспірім девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберілді. Оған жүйелі түрде заң бұзушылық жасау негіз болды. Мәселен, Петропавл қаласының 15 жастағы тұрғыны ювеналдық полиция мен педагогтардың назарында біраз болған. Ол бірнеше рет үйінен кетіп қалған, сабаққа бармау, педагогтармен сөзге келу, ұрлық, дене жарақаттарын келтіру сияқты оғаш қылықтар жасаған.

Жасөспірімдердің қылмыс жасауына, теріс жолға түсуіне жол бермеу – ювеналдық полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі. 10 айда петропавлдық полицейлер 150-ге тарта рейдтік іс-шара өткізді. Оның нәтижесінде түнгі уақытта ересектерсіз қыдырудың 620 фактісі анықталды, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз кіргізгені үшін 16 көңіл көтеру орнының иесі жазаланды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар оқу орындарында 589 кездесу, дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізді. Полицейлердің бастамасымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 18 материалды қарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz