Қазақстанда бір жылда пойыз билеттері 20 пайыз қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Сарапшылардың 10 қарашада жариялаған есебінде бір жыл ішінде Қазақстандағы жолаушылар пойызының қызметі 20 пайыз қымбаттағаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz басылымында сарапшылар қала маңында қатынайтын пойыздардың жүру ақысы 16,7% қымбаттағанын айтты. Республикаішілік қатынас пойызының екінші класты вагонында тасымалдау 20,6%, купе вагонында 17,8% қымбаттады.

Баға Шымкент, Жетісу және Алматы облыстарында айтарлықтай өскен. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарында баға аса көп өсе қоймағаны байқалды. Небәрі 9 айда, зерттеушілердің мәліметінше, 14,7 миллион жолаушы теміржол көлігі қызметін пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32,6 пайыз артық.

Бір қызығы, пойыз қызметін көбіне елорда тұрғындары пайдаланған. Көліктің бұл түрін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сирек пайдаланады екен.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz