СҚО-да жыл қорытындысы бойынша шамамен 380 млрд теңге инвестиция күтілуде

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына қарай негізгі капиталға 380 млрд теңге деңгейінде инвестициялар ағыны күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өнеркәсіптік инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек саланың негізгі үлесін өңдеу өнеркәсібі иеленетінін айтты. 2018 жылдан бастап ол 70% — дан 80% — ға дейін өскен. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 282,5 млрд теңгеге өнім өндірілді. Жыл қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің көлемі 390 млрд теңгені құрайды.

–Соңғы үш жыл ішінде біз іске қосқан барлық кәсіпорындар өз нәтижелерін беруде. Жалақы 2018 жылдан бастап-екі есе өсті. Еңбек өнімділігінің 2,3 есе өсуі өндіріс көлемінің 1,8 есе өсуімен салыстырғанда, іске қосылатын жаңа кәсіпорындардың тиімдірек екенін көрсетеді, — деді Дәурен Жандарбек.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өнеркәсіп секторы мемлекеттен қолдау табуда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және «қарапайым заттар экономикасы» аясында өңір кәсіпкерлерін қолдауға биыл 7,5 млрд теңге бөлінген, бұл 2018 жылғы сомадан үш есе артық.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz