СҚО-дағы Ақбұлақ ауылының тұрғындары елді мекеннен көшпекші, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шағын ғана Ақбұлақ ауылы Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылынан 30 шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Петропавлдан 500 шақырым жердегі ауылдан шығу үшін тұрғындар арнайы техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Өйткені жеңіл көлік жарты жолда балшыққа батып қалады.
Жаңбыр мен қардан кейін камаз бен тракторға да жолда жүру қиынға соғады екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, соның салдарынан қыста адамдар апталап ауруханаға жете алмайтын кездер де болады. Жергілікті билік жыл сайын жолдың жағдайын жақсартамыз деп сендірсе де, бұл уәделерді ешкім орындамайтын тәрізді.
-Шенеуніктердің өздері ауылға тереңдігі жарты метр болатйн ой-шұңқырлары бар жолмен кіре алмайды, — дейді тұрғындар.
Жергілікті билік өкілдері, мәселені шешуге уәде бергенімен, тұрғындар сенбей отыр. Егер уәдесінде тұрмаса, ауылдан көшіп кетеміз, деп отыр.