Петропавлда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған тақырыптық брейн-ринг өтті

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың коворкинг-орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты Петропавл қаласының жастары арасында зияткерлік ойын өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Петропавл қаласының жастар ұйымдары, М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің және жас кітапханашылардан жасақталған командалар қатысты. Ойын 2 кезеңнен тұрды. Жалпы командалар берілген тақырып бойынша 40 сұраққа жауап берді. Кейбір тапсырмалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді талап етсе, ал кейбіреулерінде логика мен тапқырлықты көрсету қажет болды.

Команда өкілдері үшін ойын форматы қызықты болды. Олар теорияны зерттеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ситуациялық жағдайларды талдай алды. Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл іс-шаралар жас солтүстікқазақстандықтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстың негізі болып табылатынын атап өтті.

– Соңғы жылдары Қазақстан, ең алдымен, мемлекеттік аппарат пен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша елеулі қадамдар жасады. Тәрбие мен білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің басты басымдығы болып табылады, — деді Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды кітапхананың жас қызметкерлері командасы, екінші орынды – жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және үшінші орынды – университеттің белсенділері иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz