СҚО-дағы ауыл тұрғындары көл суын ішуге мәжбүр, мәселе 15 жылдан бері шешілмей келеді

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар ауданындағы Виноградовка елді мекенінің тұрғындары ауыз суға зәру. Ауылдағы су мәселесі 15 жылдан астам шешілмей келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Виноградовка елді мекені облыс орталығына тиіп тұр, ара қашықтық 50 шақырым ғана. Алайда мұнда өркениет жете қоймаған тәрізді. Тұрғындар ата-бабаларының жолымен ауыл маңындағы көлден су алып ішіп отыр. Оның өзі соңғы жылдары құрғай бастап, батпаққа айналып жатыр. Виноградовкада шамамен 15 жыл бұрын су болған. Құбырмен келген су сағаттап берілген. Алайда енді «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айырылдының» кері келіп отыр. Мұндағы су мәселесін шешу мақсатында қаражат бөлініп, ұңғыма салынған. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке бармады.

Оның суын ішуге болмайды, улы, денсаулыққа зиян. Ұңғыманың суын ішеміз деп ауыл халқының жартысы ауру болды, бүйректері ауырады, қатерлі ісік ауруымен есепке алынғандар көп. Сондықтан да ұңғыманың суын пайдалануға қорқамыз, — дейді елді мекен тұрғыны Валентина Трубчинская.

Былтыр ауылда су құбырын тарту жұмыстары басталған. Жергілікті билік топтық су құбыры салынады деп сендірді. Жоба бойынша 14 км құбыр тартылып, сорғы стансасы мен тарату желісі істелінуі керек еді. Алайда жұмыс бір аптаға ғана созылып, тоқтап қалды.

– Жоба ескірген, сондықтан оны жаңарту керек деп айтты. Елді мекенде 500-ге жуық тұрғын бар. Олардың басым бөлігі зейнеткер, яғни бір жақтан су тасып әкелуге мүмкіндіктері жоқ. Таза суды қанша күтуге болады?, — дейді Валентина Трубчинская.

Ауыл тұрғындары көлден әкелген суды матадан бес рет өткізіп, қайнатып барып қана тамаққа қолданады. СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, облыста сумен қамтылмаған 226 елді мекен бар. Былтыр осы мәселені шешуге 10,3 млрд теңге жұмсалса, биыл 12,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қомақты сома 55 елді мекенге жұмсалмақ. Нәтижесінде 12 елді мекенде сумен қамту жүйесі жақсарады, 10 ауылға таза су келмек, ал қалған 33 елді мекенде басталған жұмыстар келер жылы аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz