Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің алдағы сайлауына дайындық барысымен танысты

Авторы: Qyzyljar News

Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына арналған бірлескен брифинг өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараны бастай отырып, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаһандық геосаяси сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы кезектен тыс сайлау Қазақстан үшін ғана маңызды емес, өйткені қазір тұрақты және өркендеп келе жатқан Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне айтарлықтай дәрежеде жауап беретінін атап өтті.

– Бұл жол Қазақстан үшін тарихи болып табылады. Сондықтан біз президенттік және парламенттік сайлауда сайлаушылардың жоғары қатысуына үміттенеміз. Біздің азаматтар ұлтымыздың болашағын анықтауда шешуші рөл атқаруы керек, — деді Мұхтар Тілеуберді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров президенттік сайлауды өткізуге дайындық барысы және оның негізгі рәсімдік аспектілері туралы айтып берді.

– Орталық сайлау комиссиясы өз жұмысын заңға қатаң сәйкес жүргізеді, ашықтық пен жария диалог қағидаттарында әрекет етеді. Ағымдағы сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» қолданыстағы Конституциялық заңының негізінде өтіп жатқанын атап өту маңызды, — деді Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, ел бойынша сайлауда барлығы 10 101 учаске жұмыс істейді, ал сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат кіреді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударады.

– Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу кеше, 14 қарашада аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы жанынан барлығы 641 байқаушы аккредиттелген, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ТМД, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТүркПА, ШЫҰ, ИЫҰ байқаушылар миссияларының өкілдері, сондай-ақ 35 шет мемлекеттің өкілдері бар, — деп атап өтті ОСК төрағасы.

Нұрлан Әбдіров дипкорпусқа президенттік сайлауды байқауға қатысуға ниет білдіргені үшін алғысын білдіріп, ОСК дауыс беру рәсімдерінің барынша ашықтығын, айқындығын және демократиялығын қамтамасыз ететініне сендірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz