СҚО әкімі ауылдық жерлерде мүмкіндігінше көп тұрғын үй салу қажеттігін айтты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауылдық жерлерде мүмкіндігінше көп тұрғын үй салу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы келесі жылдан бастап кемінде 200 мың шаршы метр құрылыс салу қажеттігін атап өтті.

– Қыс мезгілінде аудан әкімдері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесіп мәселені шешу бойынша жұмысты бастауы тиіс. Бағдарлама фермерлердің өз жұмысшылары үшін үй салу шығындарының жартысын өтеуге мүмкіндік береді. Мәселен егер үй салуға 10 млн. теңге жұмсалса, онда мемлекет оның жартысын қайтаруы тиіс. Уақытты зая кетірмей жұмысшыларды тауып, қажетті материалдарды сатып алу керек. Көктем туысымен бірден құрылысты бастау қажет. Бұл бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджетте ақша қарастырамыз, — деді Құмар Ақсақалов.

Құрылыс саласындағы инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев тұрғын үйдің 62% — ы Петропавлда енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz