7-8 сынып оқушыларының да есірткі тұтынатыны анықталып жатыр – Ішкі істер министрі

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу барысында есірткі қылмысына тоқталып, нашақорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, еліміз бойынша 2 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталып, 11 тонна есірткі тәркіленді. 36 есірткі зертханасы мен притондар жойылып, 212 кг синтетика тәркіленді.

– СҚО-да 415 кг есірткі тәркіленді, оның 2,2 кг синтетика. 1 зертхана жойылып, 94 есірткі сайты бұғатталды. Өкінішке орай, елдегі есірткіге тәуелді адамдар саны туралы нақты және сенімді ақпарат жоқ. Ресми статистика бойынша олардың саны жыл сайын азайып келеді. Бірақ, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Сарапшылардың бағалауы бойынша нашақорлардың саны іс жүзінде 5 есе көп. Бүгінгі таңда «синтетика» тез таралып жатыр. Көптеген адам бұл мәселенің оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Олар нашақорлықтың қоғамда қаншалықты тамыр жайғанын білмейді. Бүгін тіпті 7-8 сынып оқушыларының да есірткі тұтынатын жағдайлары анықталып жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздікке, ұлттың генофондына қауіп төндіреді, — деді МаратАхметжанов.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауы аясында министрлік кешенді жоспарды әзірлеуге кірісті. Нәтижесінде есірткіге қарсы уәкілетті орган ретінде Ішкі істер министрлігінің үйлестіру құзыретін күшейту, жаңадан шығып жатқан «синтетиканы» жедел түрде есірткі тобына қосу және медициналық есепке алуды жетілдіру шараларын қабылдау жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz