СҚО ҚАЖД бастығының қызметінен неліктен босатылғаны белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚАЖД бұрынғы бастығы ІІМ Министрінің Солтүстік Қазақстан облысына келу қарсаңында баянат жазып, қарамағындағыларға 16 қараша күні кешке жаңа бастық болатынын хабарлаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Зарина Байхадамованың айтуынша, Рустам Ахметжанов оларға Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің кадр резервіне кететінін хабарлады.Оның орнына ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов тағайындалды. СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдиновтың айтуынша, бұл істі тергеуді әскери полиция жүргізеді. Ахметжановтың қызметтен босатылуы осы оқиғаға байланысы бары немесе жоғы туралы баспасөз қызметі жауап бермеді.

Естеріңізге салсақ, 9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған. Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басынан болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан көз жұмды. Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Күдікті Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz