Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан президентін сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген.
«Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.
Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз
Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз
Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз
Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз
Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берген.
Жалпы сайлаушы саны — 11 млн 953 мың 465 адам. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Еліміздегі бүкіл сайлаушының 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған.