ІІМ басшысы СҚО мектептерінің бірінің қауіпсіздік жүйесін тексерді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Ішкі істер министрінің Солтүстік Қазақстан облысына сапары Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылынан басталды. Марат Ахметжанов министрлік жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге “Парасат” мектеп-лицейіне барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спортшы балалар мен олардың жаттықтырушысы министр Марат Ахметжановқа өз сауалдарын қойып, қолдау көрсетуін сұрады. Сонымен қатар жас балуандардың тәрбиешісі ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қалай оқуға түсуге болатынын сұрады. Себебі жасөспірімдердің арасында келешекте полицей болуды армандайтындар жетерлік.

Ведомство басшысы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамын атап өтіп, мәселені бақылауда ұстауды аймақтың полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновқа тапсырды. Қызылжар ауданында жалпы 40 мектеп бар, олар мыңға жуық камерамен жабдықталған. Білім ошағында орнатылған камералар аудандық полиция бөлімі мен жедел басқару орталығына біріктірілген. Мектептердің қауіпсіздігін полициямен қатар күзет фирмалары қамтамасыз етеді.

Заманауи қауіпсіздік жүйесімен қамтылған мектептердің бірі – осы “Парасат” лицейі. Полиция ведомствосының басшысы жергілікті билікке аталмыш жұмысты белсенді жалғастыруды ұсынды. Министрмен кездесуге мектепке ауыл тұрғындары, қоғам белсенділері мен ауданның құрметті азаматтары жиналды. Олар түрлі мәселелерді көтеріп, жұртшылықтың көкейінде жүрген сұрақтарды қойды. Ішкі істер министрі жиналған қауымды облыс тұрғындарымен өтетін үлкен кездесуге шақырды. Баруға ниет білдіргендермен және БАҚ өкілдерімен бірге автобусқа отырып, қоғам қауіпсіздігі мен халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге жасалып жатқан шаралар туралы айтты.

“Жастар сарайына” жетпестен бұрын автобус №4 учаскелік полиция пунктіне ат басын бұрды. Айта кету керек, бұл жердің бір ерекшелігі – ғимарат қызметке арналған бөлмелерден ғана емес, тәртіп сақшысы отбасымен бірге өмір сүре алатындай етіп жабдықталған бөлмелерден тұрады. Өз кезегінде бұл учаскедегі тұрғындардың өтінішіне тез арада ден қойып, жылдам шара қабылдауға мүмкіндік береді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz