Назарбаев университетінің құрылысшы мамандығы студенттері әлеуетті жұмыс берушімен кездесті

Авторы: Qyzyljar News

21 қарашада Қазақстан Республикасы ИИДМ жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов Назарбаев Университетінің құрылыс және экологиялық инженерия факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесудің мақсаты — автожол мамандығын насихаттау арқылы ҰТО-да ақылы өндірістік практикаға үздік оқушыларды тартып, автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Өз сөзінде Замир Сағынов кәсіпорынның жұмысы және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары туралы, ЖАҰСО-дағы жас мамандар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мансаптық өсу туралы (ЖАҰСО-дағы жас маманның айлығы +400 мың тг. басталады) айтып кетті. Студенттер  автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мысалы, Замир Сағынов Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстары туралы айтып берді.

Іс-шара аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар көптеген сұрақтар қойды. Атап айтқанда, Ұлттық сапа орталығына жұмысқа орналасу және ақылы өндірістік практика  (ай сайын +80 мың тг.), орталықтың цифрлық жобалар  туралы  (КazRoadLab — ЖҚМ сынақтарын жүргізу процестерін автоматтандыру жүйесі, InfoZhol — автожол құрылысы саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қамтитын бағдарламалық өнім, DorSmeta — автожол жобалары бойынша ресурстық әдіспен сметалық есеп жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету,  SRDS – жер жабындарының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі)  толық  ақпарат алды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігіне қарасты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2019 жылы құрылды. Кәсіпорынның еліміздің 17 аймағында филиалы бар. Негізгі қызметі – жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстаудағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, және жолдарды диагностикалау, аспаптық тексеру. ЖАҰСО инспекторлары қызмет еткен жылдары Қазақстан Республикасының жолдарына 44 000-нан астам рет тексеріс жүргізді. 2022 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 16,9 мың км жолдарға диагностика жүргізді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz