СҚО Советское ауылында үйдің кіре берісінде 56 жастағы әйелдің зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кісі өлтірді деген күдікпен полиция сол ауылдың 52 жастағы тұрғынын ұстады. Оның айтуынша, 14 қарашада ол қайтыс болған адаммен бірге ішімдік ішкен. Көңіл көтеру жанжалға ұласып, артынан ер адам әйелге бірнеше жерден соққы беріп өлтірген.
Әйелдің денесін 17 қарашада қызы анасын телефон тұтқасына жауап бермегені үшін келіп тексергенде анықтаған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, сараптама тағайындалды. Тергеу процесстері жүріп жатыр.