СҚО әкімі Петропавлдағы балаларды оңалту орталығында болды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі «Сенім» жеке оңалту орталығында болды. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, даун синдромына, омыртқа жарығына және церебралды сал ауруына шалдыққан балалар терапиядан өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ата-аналар ақша жинап, елордадан емдік дене шынықтыру дәрігерлері мен логопед шақыртыпты. Оң нәтиже бар. Кішкентай Захардың анасы Наталья Анисимова ұлының жетістігіне қуанышты.

– Ұлым 5-ке толады. Дерті – эпилепсия. Орталыққа ашылғалы келіп жүрміз. Пайдасы біртіндеп байқалып жатыр. Захар ақырын-ақырын жүре бастады. Бұл сәтті ұзақ күттік, — дейді қала тұрғыны Наталья Анисимова.

Жиналған ақша қызметтерді өтеуге және жабдық сатып алуға жұмсалады. Мұнда әлі де аппараттар қажет. Осы жылдың қыркүйек айында ата-аналар облыс әкімінен көмек сұрады. Бұқараның бұйымтайы жерде қалмақ емес, орталыққа арнайы келген Құмар Ақсақалов бірқатар мәселенің жақын арада шешілетінін жеткізді.

– Балалар бекітілген протокол бойынша емделеді. Бірақ ол жеткіліксіз екенін түсініп отырмыз. Бұл протоколды өзгерту керек. Өзгертілсе, біз қаражат тауып, балалар ұзақ емделетін болады. Министрлікке ұсыныстар жасап көрейік. Сонымен қатар, ата-аналарға да көмек көрсетуіміз керек, — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар жылына бір емес, бірнеше рет мемлекеттік квота бойынша емделсе, тіпті, нұр үстіне нұр болар еді. Ата-аналар осыны қалайды. Тілдесу барысында облыс әкімі арнайы жабдық сатып алуға көмектесетінін айтты. Ал кәсіпкер Сергей Леонтьев балалар орталығының бір жылдық жалдау ақысын төлеп бермек. Орталықта айына 20-30 балақай оңалтудан өтеді. Қызмет түрлері кеңейіп, шағын-орталық ашылса, ата-аналарға жеңіл болмақ. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастаманы жүзеге асыру бойынша жауапты орган өкілдеріне тапсырма берді. Айта кетейік, бүгінде өңірде ерекше қажеттіліктері бар 2 мыңнан астам бала тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz