СҚО-да мас күйде жасалатын қылмыс азайды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері мас күйде жасалатын қылмыстардың азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алкогольді асыра пайдалану – криминогендік факторлардың бірі. Бұзақылықтардың, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерінің, автокөлік құралын тартып алу, дене жарақаттарын келтіру және басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйде жасалып жатады.

Мәселен, көктемде облыс аудандарының бірінің 58 жастағы тұрғыны мас күйінде ұлымен сөзге келіп қалып, оған пышақ сұққан. Кейін баласы әкесін кешіріп, сотта қатаң жазаламауын сұраған. Сот ер адамды 4 жылға бас бостандығын шектеу және жылына 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тарту жазасына кесті, Сонымен қатар оған ішімдік ішетін ойын-сауық мекемелеріне баруға тыйым салынды.

– Облыста жыл басынан мас күйде жасалған 477 қылмыс тіркелді. Полиция қызметкерлерінің тұрақты профилактикалық жұмыстары нәтижесінде осы қылмыстар 16,2 пайызға төмендеді. Өткен жылы 569 қылмыс тіркелген. Бұған учаскелік полиция инспекторларының үй-үйді аралау, алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы күрес сияқты жұмыстары ықпал етті, — деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов

Қаңтар айынан облыс полицейлері алкогольді заңсыз сатудың 141 фактісін, алкоголь өнімдерін сату талаптарының 118 бұзушылығын анықтады. Жиналған әкімшілік материалдар бойынша сот 110 кәсіпкерлік субъектілерінің алкоголь өнімдерін сату лицензияларын тоқтатты. 191 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz