СҚО-да мемлекеттік қызметкерге этикалық кодекстің талаптарын бұзғаны үшін сөгіс жарияланды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер басшының дөрекілігіне шағымданды. Әдеп жөніндегі кеңес оған сөгіс жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Инесса Қуанованың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жанат Тоқсанбаевқа қатысты іс мемлекеттік қызметшінің дөрекілік танытып, этиканы бұзғаны туралы шағымы бойынша қаралды. Оның қол астындағы қызметкерлердің пікірінше, шенеунік дөрекі сөздерді қолдана отырып, дауыс көтеруге дейін барған. Шенеуніктің өрескел іс-әрекеттері 2022 жылдың шілдесінен қазанына дейін бірнеше ай бойы жалғасқан.

Жанат Тоқсанбаев болса, келіп түскен шағымды бөлім қызметкерлері іс жүзінде тиімсіз жұмыс істегендігімен және оның негізделген талаптарына қанағаттанбағандығымен түсіндіріп, бәрін жоққа шығарды. Шенеунік жасаған этикалық теріс қылықтар мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің талаптарын бұзып қана қоймай, сонымен бірге адамның жоғары құндылықтары мен қадір – қасиетін қозғайтынын ескере отырып, әдеп жөніндегі кеңес шенеунікке сөгіс жариялауды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz