Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы квазимемлекеттік сектор өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту мақсатында ұйымдардың басшыларымен және олардың комплаенс офицерлерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жетекшісі Лаура Қайыржанова, Солтүстік Қазақстан университетінің бас комплаенс офицері Инна Джемалединова қатысты.
— 2021 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттің кез келген қатысу үлесі бар квазимемлекеттік сектордың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызылды. Бүгін квазимемлекеттік сектордағы кез келген лауазымға сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Сонымен қатар, қазір квазимемлекеттік сектор қызметкері жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда онымен еңбек шарты міндетті түрде бұзылуға жатады. Мұндай қызметкермен еңбек қатынастарын тоқтатуға соттың айыптау үкімі ғана емес, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату да негіз болып табылады, — деді департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.
Квазимемлекеттік сектор үшін сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікке тартудың туындайтын салдарымен төтенше шараларға жеткізбеу үшін заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізілді. Өңір бойынша комплаенс қызметтер 70 ұйымда құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов өз сөзінде мемлекеттің қатысуымен құрылған квазимемлекеттік сектордың экономика үшін түйінді маңызы бар екенін, ал ұйымдардың парасаттылығын қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс ұсынған тәуелсіз қызметтердің тиімді қызметі болып табылатынын атап өтті.
— Басшылар егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын нақты қамтамасыз етпесе, бұл тек тәртіптік ғана емес, ауыр әрекеттер болған жағдайда – қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, — деп ескертті облыс әкімінің орынбасары.
Мәселен, биыл квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы, «Еңбек Қызылжар» ШЖҚ РМК филиалы директорының міндетін атқарушыға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 5 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Кездесу соңында СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу заңның талабы және Агенттіктің тұрақты бақылауы мен мониторингінде болатынын атап өтті.