Қазақстанда -38 градусқа дейін аяз болады

Авторы: Qyzyljar News

Синоптиктер 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне суық арктикалық антициклон әсер етеді, соған байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендеуі және жауын-шашынның тоқтауы күтіледі,- делінген Қазгидромет хабарламасында.

Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз. 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар түседі. Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел секундына 15-28 метрге дейін күшейеді. Шығыста бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Түнде батыста ауа температурасы -5-15-ге дейін төмендейді. 26-27 қарашада сынап бағанасы солтүстік-батыста -20-30, солтүстікте 23-36, орталықта -17-34 градусқа дейін түседі. 27-28 қарашада шығыста 27-38 градус, оңтүстік, оңтүстік-шығыста — 5-15, таулы жерлерде — 15-20 градус суық болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz