Петропавлда кәсіпқой боксшы өрттен адамды құтқарды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

24 қараша күні сағат 00.43-те СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының кезекші бөліміне тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін қарама-қарсы үйде тұратын кәсіпқой боксшы Евгений Павлов 1951 жылы туған адамды үйден алып шыққан. Евгенийдің айтуынша түнгі сағат бірдің шамасында көрші үйдің жанып жатқанын байқаған. Бірден жақын маңдағы «Газельге» жүгіріп, адамдардың назарын аудару үшін дабыл жұмысын қосқан. Содан кейін ғана үйге беттеген.
Евгенийдің айтуынша, қою түтіннен үйге кіруге мүмкіндік болмады. Сондықтан ол сулап алған бас киімімен мұрнын тұмшалап, ішке кірген.

– Түтіннің қоюлығы соншалық Витя ағайдың сұлбасын әрең байқадым. Сосын оны есік жаққа қарай тартып алдым. Үйіме әкеліп, қажетті көмек көрсеттім, көп ұзамай өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келіп жетті. Қуанышымызға орай, Витя ағайға медициналық көмек қажет болмады, — деді ол.

Өрт сөндірушілердің айтуынша Евгений кәсіби өрт сөндірушілер сияқты тез және дұрыс әрекет еткен.

– Өрттің ауданы 35 шаршы метрді құрады, үйдің шатыры жанып кетті. Залдың қабырғасы, жартылай тұрғын үйдің шатыры зақымдалған. Жарты сағат ішінде жалын өшірілді. Өрт сөндіруге 5 техника мен 16 маман жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, — деді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Евгений Павлов өңірде спорт саласындағы белгілі тұлға. Бокстан Қазақстан құрамасының сапында әуесқой арасындағы чемпионаттарға, көптеген турнирлерге қатысқан. Ол 2020 жылы кәсіби боксқа ауысты. Содан бері 8 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. WBA international белбеуінің иегері және ол WB әлемдік рейтингінде 7- орында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz