СҚО-да есірткі сайттарының 179 сілтемесі бұғатталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері есірткі сайттарының 179 сілтемесін бұғаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полицейлері тыйым салынған заттарды саудалайтын ресурстарды анықтау үшін интернет кеңістікке мониторинг жүргізуде. Бұғаттау мақсатында анықталған сілтемелер Қазақстан Республикасы ІІМ-ге жіберіледі. Бұдан бөлек, есірткі сатушылар ақшалай сыйақыға, кейде бір доза үшін есірткіні жасырын жерге салып кетуге, сатуға, есірткі қылмыстарын жасауға дайын адамдарды тартуда. Бұндай хабарландыруларды да полицейлер бұғаттайды. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 179 сілтеме бұғатталған.

— Олардың 30-ы облыс тұрғындарынан келіп түскен. Адамдардың полицияға көмек көрсетіп, тыйым салынған заттарды таратуға қарсы күреске ат салысып жатқаны қуантады. Айта кететіні, қаңтар айынан интернет-дүкендердің жарнамасы бар 53 граффити боялды, оның 15-і тұрғындардан келіп түскен. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез-келген ақпаратты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі upn_dp_sko аккаунтының direct-не немесе “102” арнасына хабарлауға болады, — деп атап Иван Терзиди.

Қаңтар айынан бері полицейлер жастармен 500-ден астам кездесу, дәріс, дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шараларда тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілер психиканы, ағзаны басқа есірткілерден гөрі жылдам бұзатыны туралы айтуда. Сондай-ақ есірткі сатқаны мен жарналамағаны үшін жазаның қатаңдатылғаны туралы да сөз қозғалады. Есірткіні тарату қылмысының төменгі сатысында тұрған есірткіні жасырын жерге салып кететіндер үшін де 10 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Психбелсенді заттарды жарналамау мен насихаттауға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан СҚО-да есірткіні сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды, оның біреуі жарнамалау фактісі бойынша қолға түскен. Заңсыз айналымнан 412 келіден астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде екі келіден астам синтетикалық есірткі бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz