Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжалқой жауапкершілікке тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжалқой жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1200-ден астам отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың ең көбі мас күйде жасалған. Құқық бұзушыларға қатысты мінез-құлыққа 210 ерекше талап қойылды. Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 20 қылмыс жасалды. Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, полицейлер адам көп жиналатын орындарға барады. Оларға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік туралы еске сала отырып, үй-үйді аралайды. Күнделікті өмірдегі созылмалы қақтығыстар ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Ақ лента – акцияның негізгі символдарының бірі. Оны ұстаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеуге және олардың алдын алуға міндеттеледі. Полицейлер акцияға қатысушыларға да ленталар табыс етті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңестері мен қажетті көмегін 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефондары арқылы немесе 150 республикалық call-орталығына хабарласу арқылы алуына болады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторына немесе “102” арнасына хабарласуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz