Синоптиктер Қазақстан бойынша 29 қараша — 1 желтоқсан аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Болжам бойынша 29-30 қарашада шығыс облыстарда аяз сақталса, республиканың қалған бөлігінде аяздың төмендеуі күтілуде.
— 30 қараша – 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның күшеюі күтілуде, салдарынан жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі,- делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Синоптиктер түнде ауа температурасы қандай болатынын да айтты:
-республиканың батысында 5-15 аяз;
-солтүстік-батыста 10-28 аяз;
-солтүстік облыстарда 15-25 аяз;
-республиканың орталығында 5-20 аяз;
-республиканың шығысында 33-43 аяз.