СҚО-да мал ұрлығы 30 пайызға азайды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығы 30 пайызға азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тайынша ауданында полицейлер қараусыз жүрген бір үйір жылқыны анықтады. Бүгінгі таңда жылқы иесін анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы (Малды жаю қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылатын болады. Тәртіп сақшылары малдың еркін жайылуы мал ұрлығына жағдай жасайтыны туралы, қаңғып жүрген мал жолға шығып, жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін екендігін еске салуда.

– Облыста мал ұрлығының төмендегені байқалады. Жыл басынан осындай 21 қылмыс тіркелген, өткен жылдың осындай кезеңінде 31 дерек тіркелген болатын. Осындай қылмыстардың ауыр түрі айтарлықтай төмендеді. Өткен жылы 23 болса, биылғы жылы 9 факті тіркеліп отыр. Ауыл шаруашылық жануарларын еркін жаю қағидалары енгізілмей тұрып, облыста мал ұрлығы бірнеше есеге көп болатын, – деп атап өтті СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кетейік, облыстың барлық аудандарында мал ұрлығы фактілерін азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Халыққа заңнама талаптары, малды ұйымдасқан түрде жаю мақсатында жасалатын үш жақты шарттардың басымдылығы түсіндіріледі. Жыл басынан малды еркін жайғаны үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды. Арнайы қамау орындарына 11 мыңнан астам қаңғып жүрген мал орналастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz