Облыс орталығында «Жас отбасы” клубына мүше отбасылар өзара сынға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Конкурс 3 аталым бойынша өтті. Номинацияның бірі – «Үздік көпбалалы отбасы». Мұнда жанұялар видео арқылы өз өнерлерін ұсынды. Аталған байқауда Тайынша ауданының намысын қорғаған Максяев отбасының бағы жанды.
– Әр айда психолог, заңгер, денсалуық саласы өкілдерімен, қаржыгерлермен кездесу ұйымдастырып отырамыз. Әкелер күніне арналған іс-шаралар өткіздік. Отбасылармен киелі жерлерге саяхат ұйымдастырдық. Патриоттық жағынан да жұмыс жүргізудеміз,- дейді,- «Рух.Тіл.Жаңғыру» ҚБ төрағасы Әнуар Бердібекұлы.
Әр номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған отбасыларға диплом мен ақшалай сертификат табыс етілді.
Айта кетейік, осы жылдың жаз айында “Мерейлі отбасы” жобасы аясында облыста “Жас отбасы” клубы құрылды. Басында ұйымға 30-дан астам отбасы мүшелік етсе, қазір 50-ге жеткен. Олар конкурстарға ғана қатыспай, түрлі іс-шараларда жүздесіп, пайдалы кеңестермен алмасады