216
Өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі күні 987 адам ем алып жатыр. Оның ішінде стационарларда 161 науқас, амбулаториялық деңгейде – 826 адам емделуде. Коронавируспен ауырғандардың ішінде: 8 науқас ауыр жағдайда, 2 науқас өте ауыр жағдайда, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.