Ақжар ауданының әкімі Қанат Қалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Ақжар ауданының әкімі Қанат Қалиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге өзі басшылық ететін ауданның үстіміздегі жылы жеткен жетістіктері мен алда атқарылар жұмыстар жайды баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Аудандағы жеке инвестиция көлемі 6,9 млрд. теңгеге өсті. Бұдан бөлек құрылыс саласында да оң өзгерістер бар. Биыл 7 мың наршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. 2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 995 млн.теңгені құрайды жеп болжап отырмыз. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Талшық, Дәуіт және Ащыкөл ауылдарында электр желілерін салуға «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативімен келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды,- деді Қанат Қалиев.

Ауданда ауыл шаруашылығынан бөлек өндірістің де өсу қарқыны байқалады. Өткен 10 айдағы өндіріс көлемі 2 млрд. теңгеден асады. Оның ішінде тау-кен өндірісімен айналысатын 7 және кварц құм өндіретін 2 компания бар. Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың ең негізгі көрсеткіші жұмыспен қамту екені белгілі. Аудан әкімінің сөзінше, Ақжарда 1200 адам мемлекеттік қолдауға ие. 2022 жылдың 9 айында 959 адам жұмысқа тұрған. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 18 адам кәсіби оқуға жіберілсе, 44 тұрғын кәсіпкерлік негіздерін меңгерген.
Брифинг барысында аталған салалардан бөлек аудандағы жол құрылысы саласы да сөз болды.

-Ауданда жол сапасы мәселесінің өткір тұрғаны рас. Бүгінге дейін 50 километр автомобиль жолы жөнделді. Ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 1,2 млрд. теңге бөлініп отыр. Дәуіт ауылында 10,5, Талшықта 5,8, Киев елді мекенінде 4,1 километр жол жөндеу көрді. Жолдарды жоспарға сай жөндеуге биыл туындаған битум тапшылығы да кері әсер етуде. Жылу маусымына тоқталсам, биыл Талшық ауылында орталық қазандық салынды. Жарықтандыру бойынша 12,1 млн. теңгеге 2 жоба жүзеге асырылуда. Талшықта 78 электр үнемдегіш жарықшам орнатылды,- деді аудан әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz