СҚО-да мас жүргізшілердің кесірінен 6 адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында бір аптада 27 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 – 27 қараша аралығында өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бір апта бойы күн сайын 400-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылды.Петропавл сыртындағы айналма жолда тоқтатылған «Mitsubishi» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция қызметкерлерімен сөйлескенде ол шайқалақтап бір орында тұра алмаған. Медициналық куәландыру ер адамның мас екенін көрсетті.

— Іс-шара өткен уақытта көлікті мас күйде жүргізген 27 жүргізуші анықталды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан облыста мас жүргізушілердің кінәсінен 6 адам қаза тауып, 23 адам жарақаттанды. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара барысында жылдамдықты асырудың – 174 , бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтудің – 18, апатты жағдай жасаудың – 15 дерегі анықталды. Осы бұзушылықтардың әрқайсысы ауыр зардаптармен болатын жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Ең жиі кездесетіні – жаяу жүргіншілердің жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтуі, мұндай 345 дерек тіркелді, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы СҚО-да бір аптада барлығы 3 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықтар анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz