Петропавлға кіру ақылы болады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін 5% көлемінде бекіту туралы қаулы жобасы тұрғындар арасында қызу талқылануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында орналастырылған қаулы жобасына сәйкес жарнаны 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарлануда. Жоба әзірлеушілердің пікірінше, құжатты қабылдау шетелдіктердің туристік жарна төлеуі есебінен бюджетті толықтыруға мүмкіндік береді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мұндай жарнаны тек Петропавлда ғана емес, Қазақстанның әрбір қаласы мен ауданында да қолданылатынын түсіндірді.

— Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өткен жылдың қараша айында бекітілген. Қалалар мен аудандардағы жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынады.Жарна сомасы тұру құнына қосылмайды, яғни бұл шара тұру құнының өсуіне әсер етпейді. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган қағидалар негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынылады. Есептеу өткен күнтізбелік жылдың өзекті статистикалық деректері негізінде жүргізіледі. Бірінші жартыжылдықта Петропавлға 2 490 шетелдік турист келді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 204,3%-ға артық. Туристер 20% — дан астам өскен кезде жарна болу құнының 5% — ы мөлшерінде белгіленеді, — деп түсіндірді басқармада.

Облыс әкімдігі туристік алым қолданылатын Еуропа елдерінің тәжірибесіне сілтеме жасайды. Жиналған қаражат инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде жағажайларды тазартуға, қалалардың тарихи орталықтарындағы ғимараттарды қалпына келтіруге, қалалық ортаны абаттандыруға бағытталады. Ал турбизнес өкілдері мен қонақүйлер жергілікті атқарушы органдардың бұл мәліметтерімен келіспейді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жақын арада осы мәселеге мүдделі барлық тараптардың кездесуі өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz