Қазақстанда тауық еті қымбаттап барады

Авторы: Qyzyljar News

Биылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда 93,3 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті шығарылды, бұл былтырғыдан 3,5% артық. Мұздатылған құс етін өндіру 109,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша тауық еті бір жылда 27,9%, тауықтың сан еті 26,7% қымбаттаған. Ел дүкендері мен базарларының сөрелерінде тауық етінің килосы 1,4 мың теңге, сан еті 1,2 мың теңгеден сатылуда. Тауық еті ең көп қымбаттаған өңірлердің қатарына Абай облысы (52,3%) кіреді. Одан кейін тізімде Шымкент қаласы (48,7%) мен Шығыс Қазақстан облысы (41,9%) тұр. Ал Алматы облысында баға бар болғаны 12,3%-ға өскен. Тауықтың сан еті ең көп қымбаттаған өңірлердің қатарында Маңғыстау (54,9%), Павлодар (43,9%) және Солтүстік Қазақстан (35,7%) облыстары бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz