«Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
— Әділетті Қазақстанға сенімді қадам — «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды — орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы — нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы, — деп жазды Азаматхан Әміртай.