СҚО қоғам белсенділері әлеуметтік өнімдер тізімін кеңейтуді ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов өзгерістер кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру шарттарына қатысты екенін атап өтті.

— Өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына көп көңіл бөлінеді. Биыл тұрақтандыру қорына сатып алынатын өнім көлемі 12 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ұн тартатын кәсіпорындар үшін астық сатып алынады, соның есебінен ұн бағасын екі килограмм үшін 260 теңге, нан – 90-103 теңге, макарон – 245 теңге деңгейінде ұстап тұруға болады. Қарақұмық пен көкөністер жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алынады. Фабрикаларды субсидиялаудың арқасында он жұмыртқа 350 теңгеден сатылады. Бүгінгі таңда қорда 637 тонна қант бар. Тағы 1 358 тонна жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Қант сауда орындарында 460-500 теңгеден сатылады, — деді Нұржан Садықов.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Павел Афанасьев әлеуметтік маңызы бар тағамдардың 19 атауының тізімін кеңейту керек деп санайды.

— Ассортиментті кеңейту бойынша жұмыс істеу керек. Қазір барлығы тек қана құр нан жейді деп айтуға болмайды, — деді Павел Афанасьев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz