Құмар Ақсақалов СҚО әкімі лауазымында қандай жұмыс атқарды

Авторы: Qyzyljar News

Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысын 5 жылдан астам уақыт басқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құмар Ақсақалов басқарған жылдары өңірдің жаңа кешенді даму жоспары айқындалды. Облыс экономикасына қосымша серпін беріліп, 5 жыл ішінде облыс бюджеті 2,3 есе өсті. Жаңа кешенді жоспар аясында 2021-2025 жылдары өңір 500 млрд. теңгеге қаржылық қолдау алады.Еліміздің ауыл шаруашылығына салынған барлық инвестициялардың 21% — ы СҚО-ға тиесілі. Биыл 17 ферманың құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 8 кешен іске қосылады деп жоспарлануда. 5 жыл ішінде 24 өнеркәсіптік сүт фермасы іске қосылғанын айта кеткен жөн. Ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндірісі 30% — ға артып, нәтижесінде еліміздегі барлық сүт өнімдерінің 25% — ы СҚО-да өндірілуде. «Маслодел» және «Eurasian milk», «Тезис» сүт және ірімшік өнімдерін шығару желілері іске қосылып, 23 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

«EMC Agro» шошқа етін өндіру кешенінің екіншісі іске қосылып, мал басы 100 мыңға жетті. Бүгінгі таңда осындай ферманың үшіншісінің құрылысы басталды. Соның нәтижесінде мал басы 100 мыңнан 200 мың дейін көбейеді деп жоспарлануда. СҚО-да ұзақ уақыт тоқтап тұрған заманауи ет комбинаты жаңғыртылып, іске қосылды. Нәтижесінде крахмал, глютен және биоэтанол шығаратын «Bio Operations» зауыты қайта іске қосылды. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 370 мың тонна май экстракциялау зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Аймақта «Cool Infinity» компаниясы 200 жұмыс орнын құрып, термос-вагондар мен рефрижераторларды құрастыру бойынша жаңа өндірісті іске қосты. 2018 жылы қайталама шикізатты қайта өңдеу және халық тұтынатын тауарларды шығару бойынша металл-пластик бұйымдар зауыты іске қосылып, 95 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасы іске асырылды. 2021 жылы 92 бірлік техника жиналса, биыл 300 бірліктен астам жиналды. Қағаз өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылып, жыл сайын 5 мың тонна кеңсе және гигиеналық қағаз өндірілуде. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2,7 есеге, 18 млрд. теңгеден 48 млрд. теңгеге дейін өсті. Өңірде 3 мыңға жуық жол жөнделіп, 100-ден астам ауылдың көшелерінде асфальт жабыны пайда болды. Сапасы жақсы жолдардың үлесі 58% — дан 81% — ға дейін өсті. 5 жыл ішінде 214 ауылда сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, жақсартылды. Кешенді абаттандыру аясында қалада 467 аула жөнделіп, 300 балалар ойын алаңы және 42 тегін автотұрақ орнатылды.

Құмар Ақсақалов басқарған 5 жыл ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға 14 млрд. теңге бағытталды. СҚО-да жедел жәрдем машиналарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, 38 реанимобиль сатып алынды. Өңірде 15 млрд. теңгеге 327-ге жуық мектеп күрделі жөндеуден өтті. СҚУ үшін оқу-зертханалық корпус ашылып, 68 заманауи зертхана орнатылуда. СҚУ үшін 1400 орындық 3 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. 4 жыл ішінде өңірде 244 спорт ғимараты салынып, 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бүгінгі таңда облыстың аудан орталықтарында тағы да 4 спорт кешені салынуда. 2022 жылы 2 мұз кешенінің құрылысы аяқталып, жаңа қазақ музыкалық-драма театры ашылғанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz