СҚО-дағы дүкендердің бірінен 300 литр алкоголь тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-дағы дүкендердің бірінен 300 литр алкоголь тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары Саумалкөл ауылындағы дүкендердің бірінде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Тексеріс кезінде дүкен иесінде тиісті лицензияның болмағаны анықталып, 581 шөлмек алынды. Дүкен иесіне қатысты Қазақстан Респубилкасы ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру бойынша материал жиналды.

– Алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтар мас күйде отбасылық жанжалдың туындауына, бұзақылықтардың және басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етеді. Елді мекендерде лицензияланбаған алкогольдік өнімдерді қолдан сату жиі кездеседі. Учаскелік полиция инспекторлары мұндай фактілерге жол бермеу үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр, – дейді Айыртау аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары Тұрлыбек Жамалиденов.

Облыс бойынша жыл басынан лицензиясыз құрамында алкоголь бар өнімдерді сатудың 237 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан сегіз мың литрге жуық алкоголь алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz