279
Өткен тәулікте Қазақстанда 162 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі күні 1 205 адам ем алып жатыр. Оның ішінде стационарларда 172 науқас, амбулаториялық деңгейде – 1 033 адам емделуде. Коронавируспен ауырғандардың ішінде: 8 науқас ауыр жағдайда, 2 науқас өте ауыр жағдайда, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.