Су құбырын жөндеу жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазіргі уақытта учаскеде 3 бригада жұмыс істейді, бұл шамамен 20 адам. Жұмысқа 4 авариялық-су құбыры машинасы, 2 ассенизатор, экскаватор және трал машинасы жұмылдырылған. Апаттық учаскеге жататын 15 үйдің 6-сы сумен қамтамасыз етілді. 9 үй үшін су тасымалдау жұмыстары жалғасады,- деп жазды қала әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров та Жұмабаев пен Мұқанов көшелерінің қиылысында орын алған жағдайды бақылау үшін арнайы барды.