Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс әкімінің орынбасарларымен және аудан әкімдерімен жедел кеңес өткізді, онда облысты одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Кеңесте инвестиция тарту, бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму, ағымдағы жылыту маусымы туралы, инфрақұрылым мен халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мәселелері көтерілді. Халықтың мүддесін қорғайтын мәселелер талқыланды, — деді Айдарбек Сапаров.